«Ертегілер елінде – В мире сказок»
№2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің кіші буын оқырмандарына жаңадан түскен кітаптарға
«Ертегілер елінде – В мире сказок» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеге «Фолиант» баспасынан «Қазақ ертегілері», «Мені мазалайтын не?» серияларымен шыққан ертегілер, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Алматыкітап» баспасынан шыққан қазақ және орыс халықтарының ертегілері қойылды.
«Мерейгер кітаптар шеруі - 2018»
Арқалық қаласындағы №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті Абонемент бөлімінде «Мерейгер кітаптар шеруі» атты кітап көрмесінде биылғы 2018 жылдың Қазақстан жазушыларының мерейтой кітаптары қойылды. Осы кітаптарды оқырмандарға таныстырылып, насихатталды. Атап айтсақ, Мұхтар Шаханұлы «Дәуір дастандары» 25 жыл, Мырзабек Дүйсенов «Ғасырлар сыры» 30 жыл, Балғабек Қыдырбекұлы «Ақымақтың миы» 25 жыл, Сырбай Мәуленов «Найзағай жарығы» 45 жыл, Ләтипа Құрманаева «Жасыл көл» 30 жыл, Нұрқасым Қазыбеков «Ағайын» 30 жыл, Ғалым Малдыбаев «Сарыарқа» 30 жыл, Мұхтар Әуезов «Көксерек» 90 жыл, Мұхтар Мағауин «Шақан шері» 25 жыл, Мұзафар Әлімбаев «Балдәурен, балалық» 40 жыл, Ғафу Қайырбеков «Үш қиян» 25 жыл, Сансызбай Сарғасқаев «Сұлутөр» 35 жыл, «Қамбар батыр» 130 жыл, Көрмеге 13 кітап қойылды. 50 оқырман қатысты.
«Балалар ақын жазушылары – мерейтой иелері»
Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде «Балалар ақын жазушылары – мерейтой иелері» атты көрмеде, биылғы ақын – жазушылардың мерейтой иелерінің өмір жолдары таныстырылып, кітаптары қойылды. Атап айтсақ Сельма Оттилия Ловиса Лагерлеф (1858-1940ж.), Михаил Михайлович Пришвин (1873 -1954ж.), Лев Толстой (1828-1910ж.), Виктор Драгунский (1913-1972ж.), Шарль Перро (1628-1703ж.), Сергей Михалков (1913-2009ж.), Юрий Коринец (1923-1989ж.), Евгений Носов (1908-1976ж.), Жюль Верн (1828-1905ж.), Ахмет Байтұрсынов (1873-1938ж.), Мұзафар Әлімбаев (1922ж.), Ермек Өтетілеуов (1938.) іс – шараға 48 оқырман қатысып, 23- кітап қойылды.
Қош келдің, бірінші оқырман!
Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық – деп, қаңтардың алғашқы күндерінде №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі алғашқы оқырманын қабылдады Кітап - біздің рухани байлығымыз, жан азығымыз. Кітап адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге талапты, кішіпейіл болуға мейірімділікке төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітап оқу дегеніміз – оқырманның рухани өмірінің бір жағы. Бар білім де, ақылдың нұр сәулесі де кітаптан тараған «Өткірдің жүзі, кестенің бізі , өрнегін сендей сала алмас» - деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз бен кітабымыз.
«Егеменді елім, Тәуелсіз Қазақстаным менің»
Абай Құнанбаев атындағы №6 мектептің 4 «Ә» сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған «Егеменді елім, тәуелсіз Қазақстаным менің» патриоттық кеш өткіздік.
«Ұлт мақтанышы - Елбасы»
29 қарашада Шоқан Уәлиханов атындағы 4 «В» сынып оқушылары Тұңғыш Президент күніне арналған «Ұлт мақтанышы - Елбасы» ақпарат сағатына қатысты. Ақпарат сағатына қатысушы балалар Елбасына арналған Тұңғыш Президенттің балалық және жастық шағы туралы ауызша хабарлама, өлеңдер дайындады. Оқушылар «Муз-арт» тобының орындауындағы «Үш қоңыр» (сөзінің авторы Н.Ә.Назарбаев) және «Жүрегім менің» (Президенттің балалық шағы туралы «Балалық шағымның аспаны» фильмінің фрагменттеріне негізделген) әндердің клипін тыңдады. Сонымен бірге оқушылардың назарына Президенттің өмірі туралы «Назарбаев LIVE» деректі фильмінен үзінді ұсынылды.