"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Кітапханаға қалай жазылуға болады?

Әр азамат жасына немесе тұрғылықты жеріне қарамастан №2 ОӘҒК  пайдаланушысы бола алады.

Кітапхананың қызметін пайдалану  үшін тіркеу бөлімінен оқырман билетін алу қажет. Азамат кітапханаға тіркелу үшін қандайда бір жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі керек. 
№2 ОӘҒК жазылу автоматтандырылған тәртіпте жүзеге асырылады, сонымен қатар теңдессіз штрихкодымен бірыңғай пластикалық билет беріледі.

Әр азамат кітапхананың оқырманы бола алады, алайда абонемент бөлімінен көркем әдебиетті уақытша пайдалану үшін үйге алғыңыз келсе, міндетті түрде Арқалық қаласында тұрғылықты жері бойынша тіркелімі болуы қажет. Ал қалған қызметтер барлық оқырмандарға қол жетімді.

Сондай-ақ, кітапханада пайдаланушыларға қашықтық тәртібінде қызмет көрсетуге мүмкіндік беріледі.