"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Мақсат мен міндеттері

I. Кітапхан жұмысының негізгі міндеттері мен бағыттары:

Кітапхананың негізгі бағыттары:

Кітапхананың басты міндеті  түрлі оқырман топтарының конституциялық құқығын іске асыра отырып,  ақпаратқа және дүние жүзілік мәдениетінің жетістіктеріне еркін қол жеткізуге мүмкіндік беру.
Осыған байланысты кітапхана келешекте мынандай бағыттарды белгілейді:

  • жалпы кітапхана қорының сапалық құрылымын дамыту;
  • кітапханада электрондық ақпараттық қорларды құру;
  • сапалы кітапхана-ақпараттық қызметін дамыту;
  • электрондық ақпаратқа еркін қол жеткізуді кеңейту;
  • қорларды және қызметтер жарнамасы, қоғаммен байланысты қолдау;
  • кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеріп отыру;
    • білім, жалпы мәдени, ақпараттық дамуға септігін тигізетін жинақталған және өңделген ақпаратты алуға еркін қол жеткізуді  қамтамасыз етуді мақсат қойды;
    • ойлы оқырман мен қасиетті кітаптың арасын жақындату;
    • қаланың оқу мекемелерінің ұстаздар ұжымына оқушыларды және студенттерді еңбек, адамгершілік құқықтық және эстетикалық тәрбие беруге көмектесу;
    • интелектуалды және мәдени даму үшін тұтынушылардың кітапқа және ақпаратқа деген сұраныстарың толық жедел қанағаттандыру;
    • ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу, кітап, кітапхана және ақпараттық қорларды ұтымды пайдалану тәсілдерін үйрету;
    • дәстүрлі және дәстүрден тыс жаңашыл қызметтерді ұсыну жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыру;
    • кітапхананың еліміздегі ірі кітапханалармен кәсіби байланысын нығайту;
    • түрлі бағыттардағы кітапханалық жобалар дайындау арқылы оқырмандардаң өскелең сұранысына жаңаша жауап беруге ұмтылу.