«Ауғанстан – жүректегі жара»
2018 жылдың 14 ақпан күні № 2 ОӘҒК-ның балалар әдебиеті бөлімінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай «Ауғанстан жүректегі жара» атты патриоттық кеш ұйымдастырдық. Іс-шараға мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты.
«Кітапханада саған қалай қызмет көрсетеді?»
Арқалық қаласындағы №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде «Кітапханада саған қалай қызмет көрсетеді?» атты сауалнама жүргізілді. Мұндағы мақсат сауалнама арқылы оқырманның кітапхана жұмысына баға беруімен қатар, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндірумен қоса, оқырманның кітап оқуға деген құлшынысын анықтау.
«Ұлтының рухани көсемі» (А. Байтұрсыновқа 145 жыл)
Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде бүгінгі тұтас буынның төл басы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан ұлыларымыз салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, ірі ғалым, тілші, әдебиет зерттеушісі, түріктанушы, дарынды ақын, аудармашы, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 145 жылдық мерейтойына орай поэтикалық слэм өтті. Аталмыш шарада оның өмірі мен шығармалары насихатталды.
Ахмет атамыздың өзі айтқан «Мойындағы борышты білу - білім ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі» деген сөзімен сіздерге бейбітке толы күндерімізде кездескенше, - деп тәмамдадық.
«Кітаппен бірге өсемін» (5-сыныптарға арналған іс - шара)
Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөліміне 5сынып оқушылары саяхат жасады. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, Кітап – әр адамның өмірлік досы. Балаларға кітаппен дос болыңдар, кітап оқыңдар, - деп кітапханашы ақыл кеңесін берді. Балалар сиқырлы кітап әлеміне қуана енді. Оқырмандарға кітап үйі, кітапхана ережелері туралы айтылып, көрмелер таныстырылды, сонымен қатар балалар бөліміне түскен жаңа кітаптармен таныстырылып, викториналық сұрақтар қойылып, слайд көрсетілді.Балалар сұрақтарға жұмыла жауап берді. Кітапханаға жиі келіп тұруға, тұрақты оқырман болуға уәде етті.