«Балалар әлемді бейнелейді»
Фото суретпен құралған көрмеміздегі мақсатымыз, оқушыларды суретшілер шығармаларын жан-жақты талдауға үйрету, шығарма арқылы ұлттық дәстүрді, тарихты білуге, бейнелеу өнерін және білімдерін дамыту болды.
«Ана тілім – қасиетті дара тілім»
Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдіретті. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы. Елбасымыз Н.Ә:Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы»деген болатын.
"Отбасылық оқу - ұрпақтардың рухани байланысы"
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Бүгінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білім деңгейіне байланысты. Ал, кітап адамды жан-жақты дамытады, ой-өрісін кеңейтеді" дейді.Орыс педагогы В.А.Сухомлинский "Адамгершілігі жағынан, мәдениетті адамдар, саналы еңбеккерлер кітапқа деген терең сүйіспеншілікке бөленген отбасынан шығады" деуі тегін емес.Өйткені ата-ананың ықпалынсыз әдебиетке жақын, рухани кемелденген азамат тәрбиелеу қиынға түсері анық.