«Балалар әлемді бейнелейді»
Фото суретпен құралған көрмеміздегі мақсатымыз, оқушыларды суретшілер шығармаларын жан-жақты талдауға үйрету, шығарма арқылы ұлттық дәстүрді, тарихты білуге, бейнелеу өнерін және білімдерін дамыту болды.
«Ана тілім – қасиетті дара тілім»
Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдіретті. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы. Елбасымыз Н.Ә:Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы»деген болатын.
"Отбасылық оқу - ұрпақтардың рухани байланысы"
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Бүгінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білім деңгейіне байланысты. Ал, кітап адамды жан-жақты дамытады, ой-өрісін кеңейтеді" дейді.Орыс педагогы В.А.Сухомлинский "Адамгершілігі жағынан, мәдениетті адамдар, саналы еңбеккерлер кітапқа деген терең сүйіспеншілікке бөленген отбасынан шығады" деуі тегін емес.Өйткені ата-ананың ықпалынсыз әдебиетке жақын, рухани кемелденген азамат тәрбиелеу қиынға түсері анық.
«Жаз қызығы кітаппен»
Адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы –салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болса жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда,кітапхана тарапынан өткізіліп жататын іс – шаралар жетерлік .
«Менің құқығым мен міндеттерім»
Балалар әдебиеті бөлімінде 30 тамыз Конституция күніне орай, балаларға олардың құқықтары туралы түсінік беру, өзін және басқа адамды сыйлауға тәрбиелеу мақсатында «Менің құқығым мен міндеттерім» атты құқықтық ойын өткізілді.