Отбасы – тіршіліктің тірегі
Отбасы – қасиетті құндылық. Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізгі осы отбасында қалыптасады. Талайды қанаттандырған киелі шаңырақ – отбасы. Сондықтан, отбасы мерекесі күні белгілеуінің өзіндік маңызы бар. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу кезінде отбасылық салт-дәстүрлерді қолдау және дамыту, оқушылардың көркемдік шығармашылығын насихаттау, балалардың бойында патриотизм және отбасылық құндылық сезімдерін ояту – біздің басты мақсатымыз болды.
«Құсқанаты» ою-өрнегі
«Құс қанаты» элементінен ою-өрнек жасадық.
Оқушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнектерін үйрету үстінде шәкірттердің эстетикалық талғамдары мен өнерге деген шеберлік ынта-қабілетін арттырып, дамыттық.
Ою үлгілерін компьютерге түсіріп, сызып, бояудың әдіс-тәсілдерін меңгерту, «құс қанаты» элементінен ою-өрнекті қиып көрсеттік.
«Денсаулығы сәбидің - қуанышы әр үйдің»
№2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде «Кітаби жаздың сиқыры – Волшебство книжного лето» - атты, жазғы оқу бағдарлама бойынша денсаулық күніне арналған «Көңілді эстафеталар» ойын - сауық кеші өткізілді.
«Қосалқа» ою-өрнегі»
№2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде «Кітаби жаздың сиқыры – Волшебство книжного лето» - атты, жазғы оқу бағдарлама бойынша «Қосалқа» ою-өрнегі, қолөнер сабағы өткізілді. Мақсатымыз оқушыларға ою – өрнекті қиюды, оюды, сызуды, түрлі –түсті қағазға, шыт маталарға «қосалқа» ою өрнегін апликация тәсілімен желімдеп, тігіп үйрету.