12.06.2019. «Қақпақ – ойыншықтары»
«Қақпақ – ойыншықтары» атты шеберлік сабағы болып өтті.
01.06.2019 «Бал бөбегім – балғыным»
Адам өміріндегі ең үлкен бақыт-ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы.
Құрметті оқырмандар!
Сіздерді Балалар әдебиеті бөлімінің ұйымдастыруымен өтетін 1 маусым -Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бал бөбегім – балғыным» атты мерекелік іс-шараға шақырамыз!
13.05.2019 «Бірге оқиық – көп білеміз» Дауыстап оқу минуты
№2 ОҒӘК-ның балаларәдебиеті бөлімінде Ертегілер. «Аладдин және сиқырлы шам»-атты 1-4сынып оқырмандарына арналған дауыстап оқу сабағы өткізілді. Ертегі туралы толық мағлұмат бере отырып, «Аладдин және сиқырлы шам» ертегісінің негізгі ойы түсіндірілді.Ертегі қай уақытта да адам баласын ізгілікке, жақсылыққа, қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелейді. Ертегілер оқу барысында оқырманның ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін көтеру, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру басты міндетіміз болып саналады. «Аладдин және сиқырлы шам» ертегісін дауыстап оқып, мазмұнымен таныстырдық. Балалар дауыстап оқып берген ертегі бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, ертегіні талдау барысында жағымды, жағымсыз кейіпкерлерге мінездеме берді. «Ертегілер елінде»-атты кітап көрмесімен танысты. Іс-шараға №1 Ш.Уәлиханов атындағы атындағы оқушылары қатысып, үлкен қуанышқа кенелді.
11.04.2019 «Экология және біз»
Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Экология және біз» атты қызықты хабарлама сағаты өткізілді.
9.04.2019 «Абайла: бағдаршам – Внимание светофор»
«Абайла: бағдаршам – Внимание светофор» атты жолда жүру ереже сабағы болып өтті. Мақсатымыз: жол және адам қауіпсіздігін балаға түсіндіріп, бағдаршам туралы жол ережелерін маңызды екенін ұғындыру болды.Жолда жүру ереже сабағымызға Балалар үйінің бүлдіршіндері келіп қатысты. Балалар бағдаршам ойнын ойнап, жолда жүрудің, адамдардың да көліктердің де де өз тәртібі бар екені туралы білді. Бағдаршам туралы тақпақтар айтылды.Сабақ соңында балаларға сыйлықтар таратылды. Жолда жүру ереже сабағы өз мақсатында өткіздік.