"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
02.06.2022 ж. 2022 – Балалар жылы аясында кітап пен кітап оқуды қолдау

2022 – Балалар жылы аясында кітап пен кітап оқуды қолдау, оқырмандардың кітап оқу құштарлығын арттыру мақсатында «Кітаппен фотосессия» байқауы балалар әдебиеті бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді. Байқау жұмыстары кітапхананың әлеуметтік желілерінде 2022 жылдың 12 мамырынан 30 мамырға дейін қойылып, оқырман өздеріне ұнаған жұмысқа дауыс берді. «Менің сүйікті кітабыммен портретім» номинациясы бойынша I-орын А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 3 «Б» сынып оқушысы Бекетова Инабат, II-орын А.Құнанбаев атындағы мектеп- гимназиясының 3 «В» сынып оқушысы Сәндібек Дания, А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияның 2 «Б» оқушысы Рахим Асылбек III-орын иегері атанды.«Кітапханадағы оқу сәті» номинациясы бойынша I-орын Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 1 «Б» сынып оқушысы Еменәлі Сезім, II-орын А. Құнанбаев атындағы мектеп- гимназиясының 4 «Б» сынып оқушысы Төлеухан Жанэль, осы мектептің 9 «Б» сынып оқушысы Сейбаттал Мадина III-орынды жеңіп алды. «Менің отбасым және кітабым» номинациясы бойынша I-орын А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 3 «А» сынып оқушысы Дәулеткерей Айару, II-орын осы мектептің 3 «А» сынып оқушысы Мажит Асыл, А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 6 «Б» сынып оқушысы Сүндет Бекжан III-орынды жеңіп алды. Байқау жеңімпаздары марапатталып мадақтамалар мен сыйлықтарға ие болып зор қуанышқа бөленді.

02.06.22 1

02.06.22 1

02.06.22 1

02.06.22 1

02.06.22 1