«Балалар ақын жазушылары – мерейтой иелері»
Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде «Балалар ақын жазушылары – мерейтой иелері» атты көрмеде, биылғы ақын – жазушылардың мерейтой иелерінің өмір жолдары таныстырылып, кітаптары қойылды. Атап айтсақ Сельма Оттилия Ловиса Лагерлеф (1858-1940ж.), Михаил Михайлович Пришвин (1873 -1954ж.), Лев Толстой (1828-1910ж.), Виктор Драгунский (1913-1972ж.), Шарль Перро (1628-1703ж.), Сергей Михалков (1913-2009ж.), Юрий Коринец (1923-1989ж.), Евгений Носов (1908-1976ж.), Жюль Верн (1828-1905ж.), Ахмет Байтұрсынов (1873-1938ж.), Мұзафар Әлімбаев (1922ж.), Ермек Өтетілеуов (1938.) іс – шараға 48 оқырман қатысып, 23- кітап қойылды.
Қош келдің, бірінші оқырман!
Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық – деп, қаңтардың алғашқы күндерінде №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі алғашқы оқырманын қабылдады Кітап - біздің рухани байлығымыз, жан азығымыз. Кітап адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге талапты, кішіпейіл болуға мейірімділікке төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітап оқу дегеніміз – оқырманның рухани өмірінің бір жағы. Бар білім де, ақылдың нұр сәулесі де кітаптан тараған «Өткірдің жүзі, кестенің бізі , өрнегін сендей сала алмас» - деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз бен кітабымыз.
«Егеменді елім, Тәуелсіз Қазақстаным менің»
Абай Құнанбаев атындағы №6 мектептің 4 «Ә» сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған «Егеменді елім, тәуелсіз Қазақстаным менің» патриоттық кеш өткіздік.
«Ұлт мақтанышы - Елбасы»
29 қарашада Шоқан Уәлиханов атындағы 4 «В» сынып оқушылары Тұңғыш Президент күніне арналған «Ұлт мақтанышы - Елбасы» ақпарат сағатына қатысты. Ақпарат сағатына қатысушы балалар Елбасына арналған Тұңғыш Президенттің балалық және жастық шағы туралы ауызша хабарлама, өлеңдер дайындады. Оқушылар «Муз-арт» тобының орындауындағы «Үш қоңыр» (сөзінің авторы Н.Ә.Назарбаев) және «Жүрегім менің» (Президенттің балалық шағы туралы «Балалық шағымның аспаны» фильмінің фрагменттеріне негізделген) әндердің клипін тыңдады. Сонымен бірге оқушылардың назарына Президенттің өмірі туралы «Назарбаев LIVE» деректі фильмінен үзінді ұсынылды.
«Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы»
Арқалық қаласының №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласына орай, «Тәрбие мен білім» бағдарламасы бойынша облыстық семинар аясында №6 А.Құнанбаев атындағы орта мектеппен бірлесе «Білім еліне саяхат» атты тәрбие сағатын өткізді. Іс- шара «Кітап – рухани жаңғыру құралы» атты көрмені таныстырумен басталды. «Кітап – білім бұлағы» десек, білімнің қайнар көзі кітапханада екені баршамызға аян. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен Кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады. Кітап – адамзат баласына ағарту һәм білім сыйлай береді» деген. Өткізілген іс-шара барысында балаларға кітаптың шығу тарихынан бастап,кітаптың адам өміріндегі маңызын, кітапхананың білім ордасы екені түсіндірілді. Іс – шара соңында қалалық білім бөлімінің әдіскері сөз сөйлеп, кітапхана ұжымына алғысын білдірді.
«Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы»
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін. Рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. №2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасы аясында, «Золотой ключик» балабақщасының бүлдіршіндерімен, сөрелерімізге келіп түскен жаңа кітаптарға саяхат көрме жасады. Көрмеге ерекше үлгідегі «Қызыл телпек», «Көңілді көжек», «Жасырынбақ» т.б. ашылмалы кітаптар. «Жануарға жақын бол», «Орман үні», «Көліктер сөйлейді» т.б. дыбыстық кітаптар қойылды. Оқырмандар кітаптармен танысып, ойындар ойнап, флэш моб билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Мақалада айтылған рухани жаңғыру ұлттық сана мәселесі кітап арқылы іске асатыны белгілі. Сондықтан кітапханаға келейік, кітап оқиық.