Биылғы жылы бүкіл адамзат Ұлы Жеңістің 74 жылдығын атап өтед
Биылғы жылы бүкіл адамзат Ұлы Жеңістің 74 жылдығын атап өтеді. Төмендегі суретте «Арқалық қаласының № 2 ОӘҒК қызметкерлері Даңқ обелискінде гүл қою сәтінде. Біз мақтан тұтамыз! Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
04.05.2019 ж. Арқалық қаласындағы жастар фестивалі
Арқалық қаласында 2-3 мамыр аралығында өткен «Көктем көркі қызғалдақ» атты аймақтық жастар фестиваліне облысымыздың әр аудан, ауылдарынан 100-ден астам делегат жастар қатысты. Екі күндік форумда облыс жастары бір-бірлерімен дискуссия өткізіп, ой-пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
29.04.2019 ж. «Қазақстан- бірлік пен татаулықтың мекені»
Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханамызда 2019 жылы 29 сәуір күні «1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі» мерекесіне орай «Қазақстан- бірлік пен татаулықтың мекені» атты кеш өткізілді.
26.04.2019. «Өмірін өнермен өрнектеген»
Дүниежүзілік кітап күніне орай өткізілген кітап апталығы аясында өнер секторының ұйымдастыруымен «Өмірін өнермен өрнектеген» тақырыбында сұхбат кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты - өлкенің өнер адамдарын жастарға таныстыра отыра, шығармашылығын насихаттау.





















