Бүгін біз «Кітап оқып, рухани бай бол!» атты байқаудың басталғанын жариялаймыз
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Білімнің салтанат құруы» бағытының негізгі міндеттерінің бірі - азаматтардың білім деңгейін арттыру болып табылады.
Бүгін біз «Кітап оқып, рухани бай бол!» атты байқаудың басталғанын жариялаймыз. Байқау екі кезеңде өтеді.
«Президент жолдауы-ел дамуының кепілі»
10.10.2019 ж.
2019 жылдың қазан айының 09 күні сағ.12 .00 де Арқалық қаласындағы № 2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залында Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан Халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын ақпараттық-түсіндіру мақсатында қаламыздағы Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін орта мектебінің 11 сынып оқушыларына «Президент жолдауы-ел дамуының кепілі» атты көрмеге шолу өткізілді. Оқу залының менгерушісі Л.Исабекова көрмеге жалпылама шолу жасап, осы жолдау арқылы еліміздің бағыттары айқындалып, болашақ жоспарлардың құрылуына бастау болатындығын түсіндірді.
26.09.2019 ж.«Қазақ әдебиетінің үш бәтерегіне – 125 жыл»
(Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин)
Поэзия патшайымы.
02.10.2019 ж.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықты махаббатына бөлеген қазақтың біртуар ақын қызы, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, журналист, әдебиеттанушы-сыншы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай оқу залы бөлімінде "Поэзия патшайымы" атты поэзия кеші болып өтті. Кештің мақсаты: қазақ халқының біртуар ақын қызы Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға тереңдете таныстыру. Оқырмандарымыздың поэзия әлеміне, сөз өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Арқалық қаласындағы «№ 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ Халықаралық қарттар күніне орай өткізілген жұмыстар туралы ақпарат»
№ 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Қарттарым-асыл қазынам" атты кездесу кеші өтті. Іс-шараға кітапхана ісінің ардагерлері-зейнеткерлер ("№ 2 ОӘҒК" КММ-нен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер), біздің ұйымға тіркелген қарт адамдар (Зинаида Васильевна Миклуш) қатысты.
« Әлемнің әміршісі - еңбек»
30.09.2019 ж
2013 жылдан бастап Елбасының Жарлығымен Қазақстанымызда осы қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып жарияланды. Осы еңбек күніне байланысты қаламыздағы «Арқалық -сәби» қоғамдық бірлестігі және оқу залының ұйымдастыруымен «Әлемнің әміршісі-еңбек» атты еңбегінің зейнетін көріп отырған еңбек адамдарымен кездесу кеші өткізілді.





















