«Қала әкімінен алғыс хат»
21 мамыр Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қызметкерлері күнін мерекелеу құрметіне орай, ақпараттық –сервистік қызмет көрсету секторының меңгерушісі Р. А. Грибовский адал еңбегі үшін, Арқалық қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
"Кітапхана сананы жаңғырту дәуірінде"
2019 жылдың 17 мамырында Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ақпараттық-кітапхана кешенінде Ы. Алтынсарин атындағы өңірлік форум "Кітапхана сананы жаңғырту дәуірінде"өтті.
«Елдің көркеюіне қосар үлесім» ЖШС «ОЛВИ» 25 жыл
Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханамыздың оқу залы бөлімінде кәсіпкерліктің шыңына жете білген, жүрегінің кеңдігін білдірген, жанының жомарттығын айғақтаған "Алтын жүрек" номинациясының иегері атанған, қаламыздағы "ОЛВИ" жеке серіктестік шаруашылғының Президенті Соколова Тамара Жәкенқызымен кездесу кеші өтті.
Биылғы жылы бүкіл адамзат Ұлы Жеңістің 74 жылдығын атап өтед
Биылғы жылы бүкіл адамзат Ұлы Жеңістің 74 жылдығын атап өтеді. Төмендегі суретте «Арқалық қаласының № 2 ОӘҒК қызметкерлері Даңқ обелискінде гүл қою сәтінде. Біз мақтан тұтамыз! Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
04.05.2019 ж. Арқалық қаласындағы жастар фестивалі
Арқалық қаласында 2-3 мамыр аралығында өткен «Көктем көркі қызғалдақ» атты аймақтық жастар фестиваліне облысымыздың әр аудан, ауылдарынан 100-ден астам делегат жастар қатысты. Екі күндік форумда облыс жастары бір-бірлерімен дискуссия өткізіп, ой-пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.