Бейімбеттің біге
Кітапхана әлеміне саяхат
09.09.19 ж.
Абонемент бөлімде "Кітапхана әлеміне саяхат" атты ақпараттық апта басталды.
Өлең сөздің падишасы Назаға (ақын, қоғам қайраткері Назарбек Бектемісовтың туғанына 90 жыл)
11.09.19 ж.
Өлең сөздің падишасы Назаға (ақын, қоғам қайраткері Назарбек Бектемісовтың туғанына 90 жыл)
Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханамыздың абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен 11 қыркүйек күні ақын, қоғам қайраткері Назарбек Бектемісұлы 90 жыл толуына орай поэтикалық арена түрінде іс – шара өткізілді.
Отбасы - тәрбие бастауы
12.09.2019 ж.
Елімізде 2013 жылдан бастап қыркүйек айының екінші жексенбісі отбасы күнін және аналар күнін атап өту дәстүрге айналды. Осы айтулы мерекеге орай №2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімінде "Отбасы-тәрбие бастауы"атты іс-шара өтті.
Ақынның жүрегін өлең жылытады.
06.09.2019 ж.
6-шы қыркүйек күні Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, жергілікті ақын және журналист Владимир Груниннің 70 жылдық мерейтойына байланысты шығармашылық кеші өтті. Шығармашылық кеш тек оны мерейтойымен құттықтау үшін ғана емес, сонымен қатар Владимир Ивановичтің өлеңдер әлеміне үңілуіне, оның өмірі мен шығармашылығын еске алуға да себеп болды.
Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі
05.09.2019.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы
2019 жылдың қыркүйек айының 5 жұлдызында № 2 ОӘҒК-да Президент жолдауын талқылау отырысы болып өтті. Кітапхана қызметкерлері жолдауда көрсетілген жоспарланған жұмыстармен танысып талдауға ат салысты.