Мақсаты: Ата-заң ең маңызды құндылық болып саналады. Заңға бағынып, оны құрметтеу, оның тарихын өсіп өркендеу кезеңдерін біле отырып, келешек ұрпаққа насихаттау.
Сөздің қадіріне жеткен қазақ ежелден ақ заңдарын тайға таңба басқандай жазып қолданып отырған. Атап айтсақ "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", "Әз-Тәукенің жеті жарғысы". Қазіргі қолданыстағы конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданған. Оқырман қауымды Конституцияның 25 жылдығымен құттықтай отырып, бейбіт ел болып, береке бірлігіміз арта берсін демекпіз.