Арқалық қаласындағы «№ 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ Халықаралық қарттар күніне орай өткізілген жұмыстар туралы ақпарат»
№ 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Қарттарым-асыл қазынам" атты кездесу кеші өтті. Іс-шараға кітапхана ісінің ардагерлері-зейнеткерлер ("№ 2 ОӘҒК" КММ-нен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер), біздің ұйымға тіркелген қарт адамдар (Зинаида Васильевна Миклуш) қатысты.
« Әлемнің әміршісі - еңбек»
30.09.2019 ж
2013 жылдан бастап Елбасының Жарлығымен Қазақстанымызда осы қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып жарияланды. Осы еңбек күніне байланысты қаламыздағы «Арқалық -сәби» қоғамдық бірлестігі және оқу залының ұйымдастыруымен «Әлемнің әміршісі-еңбек» атты еңбегінің зейнетін көріп отырған еңбек адамдарымен кездесу кеші өткізілді.
«Мемлекеттік тіл — менің тілім» сайыс
2019 жылдың 27 қыркүйегінде Тілдерді дамыту орталығы "Қазақстан халықтарының тілдері күні" мерекесіне орай, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесін, маңызын насихаттау, оқуға деген қызығушылығын және білім деңгейін арттыру мақсатында мәдениет қызметкерлері арасында " Мемлекеттік тіл-менің тілім" атты қалалық байқауы өткізді. Байқауға қаланың бес мәдениет ұйымдарынан 5 үміткер қатысты. Біздің кітапханадан байқауға абонемент бөлімінің кітапханашысы Жақия Гүлназ қатысып, сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынға ие болды. Байқау тапсырмалары:" Таныстыру"," Мақал-мәтелдер", "Даналық сөзден дән ізде", "Көңілден шыққан көрікті ой", "Абай әлемі", "Жер судың аты-тарихтың хаты", "Ән саламын жаңаша". Қатысушылар іс-шараны таныстыра отырып, мемлекеттік тілде мақал-мәтелдер айтып, Абай және басқа да қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды. Байқаудың ерекшелігі "төрт сурет бір сөз"атты жұмбақтар сериясынан сөз табу сияқты қосымша тапсырмалар болды. Біздің Гүлназ Жақия дипломмен және естелік кәдесыймен марапатталды. Құттықтаймыз!
«Жастар.Қоғам.Болашақ»
25.09.2019 ж.
Арқалық қаласындағы №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімінде «Жастар.Қоғам.Болашақ» атты пікірсайыс турнирі болып өтті. Тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында 2019 жыл Жастар жылы деп жариялаған болатын. Президент жастардың бүгінгі мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды.. Дебатта балалар «Жастардың құлшынысын арттыратын тиімді жолы» тақырыбында ой қозғады.
«Жолдау –жаңғырудың жаңа жолы»
24.09.2019 ж.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаев Кемелұлы Қазақстан халқына алғашқы жолдауын жариялады. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып, жастарға қолдау көрсетілуде. Жолдау «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деп аталады.
Әйел теңдігінің жыршысы
Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің іргелі жанырларын қалыптастырған, аса көрнекті суреткер жазушы, ақын, әрі драматург Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай «Әйел теңдігінің жыршысы» тақырыбында оқырман конференциясы өткізілді. Іс-шара барысында әдебиетіміздің алып бәйтерегі Бейімбет Майлиннің өмірбаяны мен еңбектері жайлы айтылып, «Шұғаның белгісі» хикаяты толықтай талқыланды. Майлин өз шығармаларына халықтың мұң-мұқтажын, ескі әдет-ғұрып ата-бабалар салтымен шешілген қыз тағдырын арқау етті. Ол драматургия, проза салаларының дамуына үлкен үлес қосқан. Бейімбет Майлин шығармаларының дені әйел теңдігі жайлы болса, солардың ең шоқтығы биігі - «Шұғаның белгісі». Бұл шығармасында қазақ қызының қатал әдет-ғұрыппен тағдырына еріксіз бағынуы суреттелген.