11.04.2019 «Экология және біз»
Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Экология және біз» атты қызықты хабарлама сағаты өткізілді.
9.04.2019 «Абайла: бағдаршам – Внимание светофор»
«Абайла: бағдаршам – Внимание светофор» атты жолда жүру ереже сабағы болып өтті. Мақсатымыз: жол және адам қауіпсіздігін балаға түсіндіріп, бағдаршам туралы жол ережелерін маңызды екенін ұғындыру болды.Жолда жүру ереже сабағымызға Балалар үйінің бүлдіршіндері келіп қатысты. Балалар бағдаршам ойнын ойнап, жолда жүрудің, адамдардың да көліктердің де де өз тәртібі бар екені туралы білді. Бағдаршам туралы тақпақтар айтылды.Сабақ соңында балаларға сыйлықтар таратылды. Жолда жүру ереже сабағы өз мақсатында өткіздік.
06.05.2019 «Жадында ұста жас ұлан, Отан қорғау басты ұран»
Бүгін, міне келіп жеткен 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Жадында ұста жас ұлан, Отан қорғау басты ұран» атты мүмкіндігі шектеулі жандармен ерлік сабағы болып өтті. Мақсатымыз еліміздің болашағын ойлап, еліне деген адал қызмет етіп, өз елінің елеулі азаматы болуға тәрбиелеу болды. Қазіргі ер балалардың қандай болу керек екендігін және де жасөспірім кезіндегі туындайтын әке мен бала, аға мен іні арасындағы қатынас туралы айтылды. Қазақ батырларының ержүректілік, ұлтжандылық қасиеттері туралы айтып, Отанға байланысты мақал-мәтелдерді оқып мүмкіндігі шектеулі жандармен сабағымызды өз деңгейінде өткіздік.












