"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
01.06.2019 «Бал бөбегім – балғыным»

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт-ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы.


Жаздың бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні-халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап өтеді. Біздің  Арқалық қаласындағы  №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Балалар әдебиеті бөлімінің ұйымдастыруымен «Бал бөбегім - балғыным» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл іс-шараны  өткізудегі мақсат  балалардың жеке қасиеттерін дамытып, таланттарын ұштап, бір – бірін сыйлауға, адамгершілікті  жоғары ұстауға жетелей отырып, кітапханамыздағы ерекше кітаптармен таныстырып кітап оқуға баулу. Мерекеге қаламыздағы  Ақбота, Раушан, Алпамыс, Золотой ключик , Балдырған балабақшаларынан  ең талантты деген бүлдіршіндер келіп  мың бұрала би билеп, тамылжыта ән салып, сахнаны жайнатып, көрермендерге ерекше көңіл – күй сыйлады. Кішкентай ғана бүлдіршіндердің өнері таңдай қақтырмай қоймады. Қонаққа келген Тедди мен Тедиша аюлар бүлдіршіндермен флешмоб билеп керемет әсер қалдырды. Мерекеге атсалысқан әр бүлдіршін мақтау қағазымен мараппатталып, тәттілер сыйға тартылды. Балапандарға мықты денсаулық, бейбіт өмір, сыңғырлаған күлкі, бақытты балалық шақ тілейміз