"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
11.07.2019. «Фетра» матасынан түрлі қалташалар, қоржындар жасау.

«Фетра» матасынан түрлі қалташалар, қоржындар жасау.

 

Мақсатымыз: Фетр матасына қойылатын талаптарды өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру. Жас ұрпаққа осы заман талабына сай өзгеріп келген жүнмен жұмысты үйрету негізінде ұлттық өнерді қастерлеуге, дәстүрді сақтауға тәрбиелеу болды. Құралдар мен материалдар: фетра, жіп, ине, қайшы, желім,бисер.Сарамандық жұмыс. Бүгінгі күнде сөмке тұрмысымыздағы ең қажетті бұйымға айналды, алуан түрі бар. Әйтсе де ұлттық нақышта, өз қолымыздан тоқып немесе тігіп алған қалташаның орны бөлек. Себебі, әркімнің ой-қиялы, шығармашылық қабілеті әр түрлі. Осы қабілетімізге сүйеніп,бүгінгі сабақта құрап сәндік қалташа жасадық.  Біз қауіпсіздік ережесін ескере отырып, ұялы телефонымызға қалташамызды жасап шықтық. Ең жақсы шеберлік танытқан оқырмандарымыздың қалташаларын көрмеге қойып, сыйлық табыстадық.