Жазғы оқу бағдарламасында «Сиқырлы жазғы аяқ-киім» атты қолөнер сабағы болып өтті.
Мақсатымыз: оқырмандардың қиялдау, шығармашылық және логикалық қабілеттерін дамыта отырып, шеберлікке баулу болды. Жазғы оқу бағдарламасында түрлі-түсті қағаздан әр түрлі заттар жасалды. Соның ішінде ең қызықты жасалған затымыз, «Сиқырлы жазғы аяқ-киім» болды.Жазғы оқу бағдарламамызға келіп қатысқан тұрақты оқырмандарымыз: Байдрахманова Рамиля, Байдрахманова Мәдина, Тұяқ Кәусар, Сералина Аружан атты балалар өз шеберліктерін көрсетті. Сабақ соңында түрлі-түсті қағаздан жасалған аяқ-киімдеріміз көрмеге қойылып, оқырмандарымызға сыйлықтар берілді.
https://arkalyk-ounb2.kz/balalar-b-limi/balalar-b-limi-3/561-04-07-2019-si-yrly-zhaz-y-aya-kiim-ol-ner-saba-y.html#sigProIdebad3f9c1f