«Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы»
Арқалық қаласының №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласына орай, «Тәрбие мен білім» бағдарламасы бойынша облыстық семинар аясында №6 А.Құнанбаев атындағы орта мектеппен бірлесе «Білім еліне саяхат» атты тәрбие сағатын өткізді. Іс- шара «Кітап – рухани жаңғыру құралы» атты көрмені таныстырумен басталды. «Кітап – білім бұлағы» десек, білімнің қайнар көзі кітапханада екені баршамызға аян. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен Кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады. Кітап – адамзат баласына ағарту һәм білім сыйлай береді» деген. Өткізілген іс-шара барысында балаларға кітаптың шығу тарихынан бастап,кітаптың адам өміріндегі маңызын, кітапхананың білім ордасы екені түсіндірілді. Іс – шара соңында қалалық білім бөлімінің әдіскері сөз сөйлеп, кітапхана ұжымына алғысын білдірді.
«Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы»
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін. Рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. №2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасы аясында, «Золотой ключик» балабақщасының бүлдіршіндерімен, сөрелерімізге келіп түскен жаңа кітаптарға саяхат көрме жасады. Көрмеге ерекше үлгідегі «Қызыл телпек», «Көңілді көжек», «Жасырынбақ» т.б. ашылмалы кітаптар. «Жануарға жақын бол», «Орман үні», «Көліктер сөйлейді» т.б. дыбыстық кітаптар қойылды. Оқырмандар кітаптармен танысып, ойындар ойнап, флэш моб билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Мақалада айтылған рухани жаңғыру ұлттық сана мәселесі кітап арқылы іске асатыны белгілі. Сондықтан кітапханаға келейік, кітап оқиық.
Ертегілер халқымыздың бай қазынасы
«Ертегілер халқымыздың бай қазынасы» атты оқу-ойын сабағымыз болып өтті. № 4 жалпы орта білім беретін мектептің 3 «А» сынып оқушылары қатысып, Ертегілердің ертеден келе жатқан тәрбиелік мәнінің зор екендігі айтылып, оқушылар ертегі кейіпкерлерін сомдап ойындар ойнатылды. Ертегі кейіпкерлерінен жақсы көрініс көрсеткен оқырман-дарымызға сыйлықтар берілді. Еліміз, жас ұрпақтың Ер Төстіктей ер болуды, Кендебайдай батыр болуды, Күнікей қыздай қамқоршы болуды ұрпақтарына үлгі етсе деген оқу-ойын сабағымыз өз мақсатында өтті.
«Сүйемін туған тілді анам тілін – Люблю свой язык – язык моей матери»
«Сүйемін туған тілді анам тілін – Люблю свой язык – язык моей матери» атты Неміс қоғамдығының төрайымы Пыхтина Зинаидамен бірлесіп әдеби сайыс ұйымдастырдық. Сайыстың мақсаты: жас ұрпақты өзінің ана тілін сүюге,тілдің көркемдігі мен байлығын үйреніп,орынды қолдануға тәрбиеледік. Өз Отанына аянбай қызмет ететін озық ойлы,тапқыр да табанды, сонымен қатар әдет – ғұрыптарымызды сақтауға, мемлекеттік тілді қастерлеуге және басқа да ұлттар тілін құрметтеуге үйреттік.
«Сыршыл жырдың атасы»
Қасиетті Торғай өңірі – талай таланттарды туғызған құтты мекен.Ұлт ұстазы Ахмет пен Міржақыптай бірегей тұлғаларды дүниеге әкелген қасиетті топырақ.Міне, сол қасиетті топырақтан нәр алған, өлең жыры сырға толған, артына мол мұра қалдырған қазақ поэзиясының тарланы, ақиық ақын, жерлесіміз Сырбай Мәуленовке 95 жыл. Осыған орай , №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде «Сыршыл жырдың атасы» атты жыр кеші өткізілді.
«Ұлы тұлға, алтын діңгек»
№2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, Абай жолы роман – эпопеясымен таныстыру, оқушыларды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру мақсатында Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына орай әдеби қонақжайлылығымыз өтті.