25.04.2018 Біздің көше олардың есімдері атауларында
Әрбір адамда өзінің шағын Отаны болады. Бұл жердің шағын бұрышы және онымен адам өмір бойы байланысты. Дәл осы бұрыштан, біз қоршаған әлемді, өзімізді тани бастаймыз, дәл осы жерде біз туған табиғатымызға жақын болып, оны таза ауасын сезінеміз. Біз Арқалықты даңқты тарихымен, дәстүрлерімен, қазіргі заманғы жетістіктерімен мақтан тұтамыз.
23.04.2018 Тәуелсіздікке тарту
Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының әдістеме-библиография бөлімінің ұйымдастыруымен «23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне» орай Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсау кесер рәсімі өткізілді.
23.04.2018 Кітапханада дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні!
Арқалық қаласындағы № 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Халықаралық кітап және авторлық құқық күні дәстүрге айналды. 2018 жылы 23-27 сәуір аралығында кітапханада дәстүрлі кітаптар апталығы өткізілді. Бұл жылы ол «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы атауы «Торғай елінің тарландары» деп өткізіледі. Оның мақсаты - қала тұрғындарының арасында, әсіресе, Торғай өңірінің жасөспірімдері мен жастарының арасында кітапты және кітап оқуды қолдау. № 2 ОӘҒК кітап апталығын өткізу кезеңінде күніне мынадай шаралар өткізілді:
23.04.18 «Жырлары жанды баураған»
23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күні екені бәрімізге белгілі.Осы мерекеге орай облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Торғай елінің тарландары» атты кітап апталығы ұйымдастыруда.
«Ұлт тәуелсіздігін аңсаған арыс»19.04.2018 жыл
Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімінде Алаш ардақтысы, профессор Халел Досмұхамедұлының туғанына 135 жыл толуына орай «Ұлт тәуелсіздігін аңсаған арыс» атты тарихи-танымдық сағаты өткізілді.
Адамдарға қызмет ететін кітапхана
2018 жылы 17 сәуірде Торғай гуманитарлық колледжінің жаңа жатақхана ғимаратында кітапхананың әдебиет беру пункті жұмыс істей бастады. Осы оқу орны басшылығының өтініші бойынша, абонемент ұжымының кітапхана пункті және стационардан тыс әдебиет беру пункті ұйымдастырылады. Бұл әдебиет беру пункті «Библиоплюс» жобасы аясында ашылды, ол бойынша абонемент бөлімі бірінші жыл жұмыс істеп жатқан жоқ.





















