"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Экологиялық тәрбие-болашақ кепілі» викториналық ойын

Біріккен Ұлттар Ұйымының тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін мерекенің мақсаты - қоршаған ортаның айтулы проблемаларына әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және адамзат баласының қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту болып табылады.  Біздің елімізде де жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы зор. Біз балаларымызды табиғатты пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға ,оны күтіп аялауға үйретуіміз керек.Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ.

Табиғатымызды сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа қалдыру - Жер планетасының әрбір тұрғынын азаматтық борышы. Осы бағытта қандай үлес қосар едіңіздер? Өз пікірлеріңізді комментарияда бөлісе отырыңыздыр.