10.10.2018 «Киелі жерім, қасиетті елім»
Арқалық қаласының 62 жылдық мерекесіне орай облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасында «Киелі жерім, қасиетті елім» атты тақырыбымен «Кітапханадағы түн-2018» әлеуметтік-мәдени акциясы өтті.
«Кітапхана түні - 2018» Арқалық қаласындағы облыстық №2 ғылыми әмбебап кітапханасының абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаса мәңгі туған жерім Торғайым» - атты Торғай ақын- жазушыларының шығармашылығына арналған әдеби сазды кеш өтті.
«Кітапхана түні» 2010 жылы маусым айында мүдделі адамдар тобы ойластырып, жоспарлап facebook әлеуметтік желісіне берген.
«Этноауыл»
10.10. 2018.
Кітапхана түні – 2018 барысында облыстық әмбебап кітапхананың өнер секторы қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын, қолөнер бұйымдарын насихаттау мақсатында «Этноауыл» тақырыбында сазды қонақжай ұйымдастырды.
10.10.2018 «Кітапхана – өлкетану орталығы»
«Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, қаламыздың облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы мәдени орын жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ең басты өлке туралы қор сақтаушы, насихаттаушы болғандықтан 10 қазан күні «Кітапхана – өлкетану орталығы» атты аймақтық зерделі кеңес өтті.
Еңбегімен Ер атанған ардақты ана
Қазақстан халқының ақыны Әсия Беркенова апамыз жырлағандай, даңқты механизатор, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қостанай облысының құрметті азаматы, белгілі ауыл шаруашылығы саласының маманы, қазақтың дара қызы Кәмшат Дөненбаева бүгін де тірі болғанда 75 жасқа толар еді.





















