Қазақ лирикасының тарихы
16.04.2019 ж
Биылғы жылы «Бір ел, бір кітап - 2019» республикалық акция бойынша сырда туған сыршыл ақын Әбділда Тәжібаевтың лирикалық өлеңдері мен әдебиеттің заңғар тұлғасы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасын насихаттау таңдалынып алынған болатын.
Торғайдан палуаны
11.04.2019.
Киелі Торғай топырағы – табиғи таланттарға бай өлке. Осы жерден, атақты ұлт жанашырлары, ұстаздар, музыканттар мен әншілер, ақын , жазушылар шыққан. Торғай жері аты аңызға айналған балуандарға, спортшыларға да толы болды. Солардың бірі – атақты балуан Таңатқан Дүйсекейұлы.
«ҚАЗАҚСТАН – ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ ОТАНЫҢДЫ ӘЛЕМГЕ ЖАҚЫНДАТА БІЛ!
ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!
Назарларыңызға «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасын ұсынамыз. Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады.
Төрлет, Наурыз, салтанатты салтымыз!
19.03.2019 ж
Фольклорлық ринг
Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтарының дәстүрлі мерекесіне айналған. Наурыз – бақтың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Осы күнге орай 18 наурыз күні облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасындағы абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай- гуманитарлық колледжінің жатаханасында «Төрлет, Наурыз, салтанатты салтымыз!» атты фольклорлық ринг ұйымдастырылып, кітап көрмесіне шолу жасалынды.
11.03.2019 «Өнердің биік шынары»
Қазақ киносының шебері, театр өнерінің шыңын бағындырған тума талант иесі Әмина Өмірзақованың туғанына биыл 100 жыл толды. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елімізде бірінші рет театр және кино әртісінің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатыр.





















