«ҚАЗАҚСТАН – ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ ОТАНЫҢДЫ ӘЛЕМГЕ ЖАҚЫНДАТА БІЛ!
ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!
Назарларыңызға «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасын ұсынамыз. Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады.
Төрлет, Наурыз, салтанатты салтымыз!
19.03.2019 ж
Фольклорлық ринг
Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтарының дәстүрлі мерекесіне айналған. Наурыз – бақтың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Осы күнге орай 18 наурыз күні облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасындағы абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай- гуманитарлық колледжінің жатаханасында «Төрлет, Наурыз, салтанатты салтымыз!» атты фольклорлық ринг ұйымдастырылып, кітап көрмесіне шолу жасалынды.
11.03.2019 «Өнердің биік шынары»
Қазақ киносының шебері, театр өнерінің шыңын бағындырған тума талант иесі Әмина Өмірзақованың туғанына биыл 100 жыл толды. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елімізде бірінші рет театр және кино әртісінің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатыр.
05.03.2019 «Анаға тағзым –ғұмырлық парыз»
Көктемнің ең шуақты мерекесі 8-наурыз екені даусыз. Аналарымызға, әже, әпке-қарындастарымызға арнайы құрмет, құттықтау білдіретін бұл күн - нағыз ару көктемнің өзі сияқты. Өнер секторының ұйымдастыруымен осы мемлекеттік мерекеге арналған «Анаға тағзым –ғұмырлық парыз» тақырыбында сыр-сұхбат өткізілді.
05.03.2019 Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады
8-наурыз біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый-құрмет көрсету парызымыз. Себебі, бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана.
«Алғыс айту парызым»
28.02.2019
Талай тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні белгіленді. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев барлық ұлттың бір - біріне алғыс айту мерекесін көктемнің алғашқы күніне қойып, 1- наурыз «Алғыс айту» мерекесі деп бекітті.