28.07.2021 ж.
Салауатты ұрпақ – ел болашағы
Ақпараттық алаң
2021 жылы - «Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында абонемент бөлімі ашық аспан астында іс – шараларын өткізуін жалғастырып келеді. Кезекті іс – шарамыздың тақырыбы «Салауатты ұрпақ – ел болашағы». Ондағы мақсатымыз - жазғы демалыс кезінде оқушыларды, студенттерді және қала тұрғындарын оқуға тарту, саябақта жүрген демалушыларға ақпарат ұсыну, сонымен қатар кітапханаға тұрақты оқырман ретінде жазылуға мүмкіндік жасау.
Оқырмандарға салауатты өмір салты ұғымы жайында интелектуалды-танымдық ойындар ұйымдастырылып, жарнамалық өнімдер таратылды, кітаптарға шолу жасалды, кітапханашылар ҚР Тәуелсіздігінің 30- жылдығына арналған викторина өткізілді. Аталған іс-шараларға демалушылар белсене атсалысты, интеллектуалдық ойындарға қатысып, кітаптардан үзінді оқылып, естелік фотосуреттерге түсті.
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/1775-salauatty-rpa-el-bolasha-y.html#sigProIddaa50a30ae