"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Арнайы мерзімді басылым беттерінен» атты хабарлама күні

21.07.2021 ж.

Құрметті оқырмандар!

19 шілде күні ашық аспан аясында «Арнайы мерзімді басылым беттерінен» жаңа мерзімді басылымдарға арналған хабарлама күні өтті. Бұл іс-шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз оқырман назарына оқу зал бөліміне биылғы жылы келіп түскен жаңа мерзімді басылымдарымен  таныстырып,әр күнгі жаңалықтармен хабардар ету.Көпшіліктің қызығушылығын оятып,түрлі басылымдардың жұмыстарын насихаттау. Оқырман қауым жедел әрі,тың ақпаратты журнал мен газеттердің беттерінен табады. Сондықтан мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді.