Балалар кітап апталығы «Кітап – рухани жаңғыру құралы»
Халықаралық балаларға арналған кітап күні көптеген елдерде балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында әлемнің үздік кітаптарына арналған байқаулар, көрмелер, конференциялар мен фестивальдар өткізеді.
Кітаптар қалашығына саяхат
Ш. Уалиханов атындағы № 1 орта мектебінен келген оқушыларға «Кітаптар қалашығына саяхат» сабағын өткіздік. Оқырмандарымызды «Оқу залы», «Абонемент залы», «Ақпараттық сервистік қызмет көрсету залы» бөлімдерімен жақынырақ таныстырдық.
«Ауғанстан – жүректегі жара»
2018 жылдың 14 ақпан күні № 2 ОӘҒК-ның балалар әдебиеті бөлімінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай «Ауғанстан жүректегі жара» атты патриоттық кеш ұйымдастырдық. Іс-шараға мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты.
«Кітапханада саған қалай қызмет көрсетеді?»
Арқалық қаласындағы №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде «Кітапханада саған қалай қызмет көрсетеді?» атты сауалнама жүргізілді. Мұндағы мақсат сауалнама арқылы оқырманның кітапхана жұмысына баға беруімен қатар, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндірумен қоса, оқырманның кітап оқуға деген құлшынысын анықтау.