«Ана тілім – қасиетті дара тілім»
Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдіретті. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы. Елбасымыз Н.Ә:Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы»деген болатын.
"Отбасылық оқу - ұрпақтардың рухани байланысы"
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Бүгінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білім деңгейіне байланысты. Ал, кітап адамды жан-жақты дамытады, ой-өрісін кеңейтеді" дейді.Орыс педагогы В.А.Сухомлинский "Адамгершілігі жағынан, мәдениетті адамдар, саналы еңбеккерлер кітапқа деген терең сүйіспеншілікке бөленген отбасынан шығады" деуі тегін емес.Өйткені ата-ананың ықпалынсыз әдебиетке жақын, рухани кемелденген азамат тәрбиелеу қиынға түсері анық.
«Жаз қызығы кітаппен»
Адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы –салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болса жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда,кітапхана тарапынан өткізіліп жататын іс – шаралар жетерлік .
«Менің құқығым мен міндеттерім»
Балалар әдебиеті бөлімінде 30 тамыз Конституция күніне орай, балаларға олардың құқықтары туралы түсінік беру, өзін және басқа адамды сыйлауға тәрбиелеу мақсатында «Менің құқығым мен міндеттерім» атты құқықтық ойын өткізілді.
«Біз денсаулықты сақтаймыз»
Балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері мектеп жанынан құрылған жазғы сауықтыру орталығында болып, «Біз денсаулықты сақтаймыз» атты ойын сабақ өткізді. Оқушылылар екі топқа бөлініп, Денсаулық жайлы ойларын ортаға салып, спорттық ойындардан жарысты.Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыра отырып.
«Нұр тұнған, құлпырған, Астана!»
Елбасының болашаққа бағдар, рухани жаңғыру бағдарламасы аясында кітапхана қызметкерлері Жылжымалы кітапханамен «Нұр тұнған, құлпырған, Астана!» атты тақырыпта электрондық көрмемен Балдырған балабақшасының Бөтагөз тобында болып қайттық.