"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Жазғы демалысқа жақсы кітаппен»
Балаға білім берудің төте жолы – кітап оқыту. Дұрыс таңдалған кітап бала қызығушылығын оятып, керек біліммен сусындатады. Әр жаста әр түрлі тақырыптағы кітап оқытқан жөн. Бұл оның қабылдау мен түсінуін жеңілдетеді. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Кітапқұмарлық балалық шақтан бастау алатыны сөзсіз. Сондықтан да № 2 ОӘҒК Балалар әдебиеті бөлімі ұсынып отырған «Жазғы демалысқа жақсы кітаппен» атты Балалар кітабы шеруі кітап таңдап оқуда септігін тигізеді деген ойдамыз.