"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Шығыстың ғұлама ғалымы»

20.02.2020. ж.               

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы бойынша Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын мемлекет деңгейінде атап өту туралы қаулы жарияланған болатын. Осыған орай ғұлама тұлғаларымызға арналған іс-шаралар өз жалғасын табуда.  Осы орайда № 2  ОӘҒК оқу залы бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен күллі түркі жұртының мақтанышы, «мұғалім сәни» (екінші ұстаз)  атанған ғалым философ, ұлы даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр әл-Фараби бабамызға  арналған  «Шығыстың ғұлама ғалымы»  атты портреттік  кеш өтті. Бұл іс-шара Арқалық қаласының политехникалық колледжінің акт залында ұйымдастырылды.

Мақсаты: Әбу Насыр Әл-Фарабидің бабамыз энциклопедист-ғалым, философ, әдебиет зерттеуші, ақын екендігін және дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің Аристотельден кейінгі екінші ғұламасы екендігін оқырманға жеткізу.

Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың құрметіне арналған кештің бастамасы өмірінен бейнежазбамен басталды.

Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді . Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған.  Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка  зерттеген.

Кеште студенттер домбыра тартып, ән айтты. Бірнеше студенттеріміз Әбу Насыр Әл-Фараби туралы мәліметтермен қысқаша баяндамалар  жасады.

Кеш соңында Әл-Фараби кітаптарынан  «Түркі әлемінің рухани жұлдызы» атты кітап көрмесі құрылып, ойшылдың шығармашылық  мұрасымен кеңінен танысты. Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың шығармашылық мұрасына деген үлкен қызығушылық бүкіл әлемде және Қазақстанда да толассыз артып  келеді. Мыңдаған жылдар бұрынғы еңбектері бүгінгі күннің қажетіне асуда.Бабаларымыздың ұлағатына құлақ асайық! Бабалар ұлағатын жүрегімізге жеткізейік!