"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Ерен ерлік ұмытылмайды

14.02.20

Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімінің ұйымдаастыруымен Қазақстанның  тарихында орыны бар отты жылдардан сыр шертер «Ерен ерлік ұмытылмайды»  атты Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына арналған кездесу – кеші өтті.

 

Мақсаты: Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған ерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

 

Жиын барысында сол шерлі жылдарды еске алып, тарихымызға шолу жасадық.

 

1989 жылы, ақпан айының 15-ші жұлдызында талай аналарды перзенттерінен айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан, қасіретті де қайғылы да, ауған соғысы аяқталды. Екінші жаһан соғысына пара-пар зардабы мен залалын шашқан ауған соғысының тарих қоржынын бір басында жатқанына да 30 жылдың төңірегі болды. Жарасы жазылған жоқ. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатынасып, батырлықпен ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз бүгін біздің ортамызда.

 

Кеш қонағы  Ауған соғысының ардагері «От благодарного Афганского народа», «20 лет вывода Советских войск из Афганистана»  медальдарымен марапатталған Абильдин Болат Бержанұлы болды. Құрметті ардагеріміз Болат Бержанұлы кітапхана басшысы және де бөлім басшылары мен арнайы жайылған дастархан басында өз естелік естегілерімен бөлісіп ән шырқап, әскердегі шақтарының  қызығы мен шыжығын айтып сырымен бөлісті. Сонымен қатар, соғыста қаза тапқан жауынгерлердің, сол зұлмат жылдардың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды. Әрі қарай, кешіміз  көркем сөз, әсем, әнмен жалғасын тапты. Кеш барысында, кітапханамыздың ұжымы ауған ардагеріне ізгі тілектерін білдіріп, кітапхана басшысы Қазына Байсабекқызы ұжым атынан дайындалған сыйлығымызды табыстап, алғысын білдірді.

 

Жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады. Ауған соғысы – жүректе жазылмайтын, тарихта орын алатын ерекше беттер.

 

Іс – шара соңында, әсем ән шырқалып, кешіміз өлең жолдарымен қорытындыланды.

 

Ерең ерлікке тағзым еткен кешіміз ерекше әсер сыйлады. Отан үшін жанын қиған ержүрек батырларымызды мәңгі есте сақтап құрметтеу, кейінгі ұрпаққа ерліктерін дәріптеп, насихаттау әрбір азаматтың қасиетті борышы демекпіз. Ерліктеріңізге құрметпен бас иеміз!