"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Жырдың жарық жұлдызы

10.12.19. ж.                      

Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай  Өлке тарихының келбеті болған мұражайымызда өткізілген «Жырдың жарық жұлдызы» Фариза Оңғарсынованың кешіне арнап кітапханамыздың абонемент бөлімі  көшпелі көрме ұйымдастырды. 

Кеш барысында ақиық ақынның қажырлы еңбегі мен ұрпағына берер мол  мұрасы насихатталып, өмір жолынан үзінді бейнебаян тамашаланды. Жыр маржанының көбі туған жері, ауылына арналған жастарға мол тәрбие берерлік, лирикалық, патриоттық рух сыйлайтын қазына іспетті.

Көшпелі көрменің ашылуында АрқМПИ студенттері мен мектеп оқушылары, сонымен қатар өлкетану мұражайының қызметкерлері, кітапхана қызметкерлері атсалысты. Студенттер ақынның «Анама», «Сен туралы», «Әйел монологы», «Шаршадым» т.б өлендерінен үзінді оқыды.

Кітап көрмемізде  Ф.Оңғарсынованың көп томдық еңбектерімен қатар,  «Дауа», «Шілде», «Мен саған ғашық емес ем» сынды жеке  өлеңдер жинақтары және ақынымыздың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғибратты ғұмыр» зерттеулер жинағы ұсынылған.

Әр бір шоң таланттың әрқашан ұлттық ырыс, ұлттық қазына болып келетіні ежелден мәлім.Осынау  мәңгілік ақиқаттың теңдесі жоқ формуласын, соның өміршең бір   Шынар-Шырайы көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың әлемі – Поэзиясы өзінше бір шоқтандырып, сәулелендіріп, нұрландырып келеді десек артықтығы жоқ.

Барлық оқырман қауымға ұсынылып отырған бұл көрмеміздің жастарға бері мол, өлеңге жаны құмар жан болса -  Фаризаны оқысын!  Жырлары әр жүректі тербетпей қоймасы анық. Поэзия жанымызға шуақ, бойымызға қуат берсін!

Қатынасқан адам саны - 37