"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Арыс қаласының балалары Арқалықта демалуда

«Алюминстрой» ЖШС Бас директоры Абай Мұқанов бас демеуші болып, Арқалық қаласының кәсіпкерлері Арыстық ұл-қыздарға сыйлық жасады. Оңтүстіктен қаламызға ат басын тіреген кішкентай қонақтарды арқалықтықтар теміржол вокзалынан үлкен қошеметпен қарсы алды.Олар көрікті Көктау жерінде орналасқан «Құрылысшы» лагерінде 15 күн демалатын болады.

 

7 Тамызда «Құрылысшы» Балалар демалыс және спорт орталығына кітапхананың мәдени-танымдық іс-шараларымен (№ 2 ОӘҒК КММ, Арқалық қ ОКЖ), Дала өлкесі мұражайы, «Горняк» Мәдениет үйінің ұжымдары, балалар үшін ойын-сауық  танымдық бағдарламамен барып қайтты.

 

Біздің кітапхана балаларға құр қол бармай, «Кітап әлеміне жазғы саяхат» жазғы оқу бағдарламасымен, «Ең тамаша кітаптар-балақайларға!» атты кітап көрмесімен және тәттілермен сыйлықтармен барып қайтты. Балаларға әр түрлі ойындар, викториналар, балалар мультфильмдері мен ертегілерінен сөзжұмбақтар ұсынылды. «Кітап-асыл досың» танымдық ойын – сауық бағдарламасы мынадай сөздермен аяқталды:

 

       Сіздің үйіңізде бейбітшілік болсын,

 

       Онда қиындықтар жоқ болсын.

 

       Сіздің отбасыңыз мықты болсын,

 

       Әрқашан сізбен бірге тамаша кітап болсын!

 

Сонымен қатар, Туған жер, Қазақстанға арналған викториналар және би жаттығулары өткізілді. Барлық балаларға естелік сыйлықтар , кәдесыйлар, тәттілер берілді. Жақсы ат салысқан белсенді балаларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Естелік фотосуреттерге түстік.