28.05.2019 ж.
2019 жылы ұлы орыс ақыны, прозашы, драматург М. Ю. Лермонтовтың туғанына 205 жыл толады.
Ақынға арналған еске алу сағатына «Раушан бөбекжай-бақшасы" МКҚК-да " 32 кызмекткерлері қатысты.
Бұл іс-шара "Библиоплюс" жобасы аясында өткізілді.
М. Лермонтов, Пушкин мен Некрасов сияқты, балалық шақтан біздің өмірімізге кіреді.
26 жыл ішінде ол әлемдік әдебиеттің алтын қорына кіріп, Ресейдің классик және ең көрнекті ақындарының бірі болды. Осы жылдар ішінде тамаша шығармаларды жазды.
Ақынның көптеген туындылары 1828-1836 жылдар аралығында жазылғанмен, оның аты тек 1837 жылы "Ақын өлімі" атты Пушкиннің қазасына арналған өлеңін жазғаннан кейін шыға бастады. Ақынды осы өлеңі үшін Кавказға жер аударып жіберген болатын. М.Ю.Лермонтов шығармаларының тақырыбы алуан түрлі, ол өмірді мейлінше кең қамтып, терең толғайды, айдауда жүрген кездерінде ұлы ақын қарапайым адамдар өміріне көз жіберіп, олардың ішкі сырларын жүрегімен сезінеді, сондықтан да ақын өлеңдері өзінің тамырларымен халық шындығына байланысып жатады. Өзінің толып жатқан өлең, поэмаларымен бірге Лермонтов қарасөз де жазған ақын, оның "Біздің заманның геройы" атты романы орыс әдебиетінде үлкен орын алады, сонымен қатар бұл роман орыс әдебиетінде психологиялық романның басы болып есептелінеді.
Жүргізушілер "Ақын", "Русалка", "Баллада", "Парус", "Выхожу один я на дорогу..." және т. б. өлеңдер оқыды.
Міне, ұлы Пушкиннен кейін орыс поэзиясының ардақты туын құлатпай асқар биігінде ұстаған данышпан Лермонтов өмірі, оның еңбек сүйгіштігі керемет үлгі боларлық жәйт. "Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған" деп біздің Абай сүйікті Лермонтовты айтып тұрғандай
Оның мұрасы жаңа ұрпақтан ұрпаққа жетебереді.
Іс-шара М. Лермонтовтың өмірі мен қызметіне және ақынның шығармаларына арналған әдеби шолумен аяқталды.
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/533-ly-orys-a-yny.html#sigProIdd78009f89e