"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
31 мамыр Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Жыл сайын 1997 жылдан бастап 31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Бұл күн сталиндік режим дәуірінде, лагерьлерден, аштықтан және депортациялардан жазықсыз зардап шеккен бейкүнә адамдарға арналған.


Бүгін осы қайғылы күнге орай, Ахмет Байтұрсынов ескерткішінің жанында митинг өтті, іс-шара бір минут үнсіздікпен басталды.


Қаланың құрметті зейнеткері Хамит Камалиұлы Досжанов сөз сөйледі: "Қазақстан халқының қатыгез террор кезіндегі адам тағдыры туралы естеліктірді мәңгілік жадында сақтайды. Ал өткеннің сабақтары бізді қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті қорғауды міндеттейді. Біз жеңістер мен қатар  күйреуден тұратын еліміздің тарихын жазып алуға қауқарсызбыз және құқығымыз жоқ. Онда қараңғы беттер болғанын ұлы өкінішпен айтуға тура келеді және олар енді ешқашан қайталанбас үшін де есте сақтау керек. Осы монументке гүл шоқтарын қойып, біз бүгін бізбен бірге болмаған, жазықсыз болған адамдардың тағдырына бас иеміз.