Дүниежүзілік кітап күніне орай өткізілген кітап апталығы аясында өнер секторының ұйымдастыруымен «Өмірін өнермен өрнектеген» тақырыбында сұхбат кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты - өлкенің өнер адамдарын жастарға таныстыра отыра, шығармашылығын насихаттау.
Кеш қонағы – музыкант, дирижер, ұстаз, ҚР мәдениет қайраткері Әбенов Боранбай Қазбекұлы. Кеш атамекенге деген сүйіспеншілікті білдіретін өлең жолдарымен басталды. Туған жеріміздің қадір-қасиеті айтылып, осы өлкеден шыққан қоғам қайраткерлер, ақын-жазушылар, жалпы өнер тұлғалары жайлы сөз болды.
Одан әрі, кешіміз сұхбат түрінде жалғасты. Бораш ағайдың өмірдерегіне үңіліп, ата-анасы, туған жері, өскен ортасы мен балалық шағына саяхат жасадық. Бұл кісі, өнерлі отбасынан шыққан, әкесі өлкенің атақты музыканты, қыл қобыздың хас шебері – Қазбек Әбенов. Осы бір қасиетті өнер атадан балаға мирас болып келе жатқаны да тілге тиек етілді. Мазмұнды да мағыналы сұрақтар қойылып, нақты әрі толық жауаптар айтылды. Әңгіме барысында білгеніміз, ағамыз 40 жылдан астам уақытын мәдениет саласына арнаған екен. Мерейтой иесі өмір жолы мен өнер саласы жайлы оқырмандарға рет-ретімен баяндап берді.
Шығармашылығы, жас кезінде әріптестерімен барған сапарлары, шәкірттері туралы айтылды. Сөзінің дәлелі ретінде, арнайы кешке келген Боранбай ағамыздың шәкірттері көрермендерге күйден шашу шашты. Қаламыздың құрметті азаматы, спорт жанашыры, ақын Молдатай Жапарұлы кешке арнайы шақырылды. Кеш қонағына деген жылы лебізін білдіріп, арнайы жазылған өлеңін оқып берді. Боранбай Қазбекұлына қортынды сөз беріліп, жастарға тілек айтылып, кітапхана қызметкерлеріне алғыс білдірілді. Қонаққа сый-сияпат көрсетіліп, естелікке суретке түстік.
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/502-26-04-2019-mirin-nermen-rnektegen.html#sigProIdaf3a59bab4