"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ауғанның от жалыны»

24.04.2019 ж.


Сәуір айының 24 күні № 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне арналған іс-шарасы аясында «Ауғанның от жалыны» атты ерлік сағаты өтті.

        
Биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толады. Ауған соғысы он жылға созылды. Бұл соғыста 15 000 жуық совет сарбазы мен офицері қаза тапты. Тек ауған жеріне аяқ басқандар ғана біздің жауынгерлеріміздің қандай соғысты бастан кешкендерін біледі. Ерлік сағатына  ауған соғысын көзімен көрген М. Б. Балдиков шақырылды. Көрермендер № 2 орта мектептің 9-10 сынып оқушылары болды.

         
Іс-шараның мақсаты - ауған соғысы тарихындағы оқиғаларды еске ала отырып, өскелен ұрпақты елінің тарихын құрметтеуге және де өз отаның сүйуге тәрбиелеу.

         
Ерлік сағаты сәтінде «Ауғанстан жеріндегі шайқас жол» тақырыбында мультимедиялық оқу құралы көрсетілді. Осы тақырыпта бейне шолулар көрсетіліп, әндер тындалынды.

          
Шараның басты қонағы Марат Батырханұлы Ауғанстанға  бұйрықпен емес, өз еркімен қызмет етуге барғаның, бірақ іс жүзінде шыңайы соғысқа тап болғаның, ол жерде қарақан басынды ғана емес, қарулас жолдастарыңның амандығына да жауапты болуды үйрететінің, ол жерде сатқындық пен қорқынышқа ешқандай орын жоқ екенің сөз етті.         

        
Іс-шарада  студенттер Марат Батырханұлы ағамызға ойларындағы сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алып отырды, және «ауғандық» ағамыздың әсерлі әңгімесі ешкімді бей-жай қалдырмады.

          
Уақыттың өз жеке жады бар. Ол тарих деп аталады. Сондықтан әлем әртүрлі дәуірдегі болып жатқан, дүниені дүр сілкіндіретін қайғылы оқиғаларды ешқашан ұмытпайды. Соның ішінде адамзат құрған өркениеттін тас-талқаның шығарып, миллиондаған өмірді қыршыңнан қиған қатыгез соғыстың зардабы көп. Сондай соғыстардың  бірі  - «Ауған соғысы» біздің халыққа үлкен қайғы алып келді.