« Даңқың дәуірлей берсін, Абай дана!»
07.02. 2020.
Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған « Даңқың дәуірлей берсін, Абай дана!» тақырыбында жылдық кітап көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында 2020 жылдың ұсынылып отырған жауһарлары: Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» шығармасына «Арқалык каласыңдағы № 2 ОӘҒкітапханасының» жоспары
Жырдың жарық жұлдызы
10.12.19. ж.
Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай Өлке тарихының келбеті болған мұражайымызда өткізілген «Жырдың жарық жұлдызы» Фариза Оңғарсынованың кешіне арнап кітапханамыздың абонемент бөлімі көшпелі көрме ұйымдастырды.
Тәуелсіздік - елімнің алтын тұғыры!
05.12.19 ж.
5 Желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Арқалық қаласындағы Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен азаттық таңының атқанына 28 жыл толуына орай «Тәуелсіздік - елімнің алтын тұғыры» атты кеш-шежіре өткізілді.






















