"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Шуақты көңіл жырлары»
Ақын, баспагер, аудармашы Ысқақ Бақыткерей Зәйкеұлының 75 жылдығына орай «Шуақты көңіл жырлары» атты кітап көрмесіне бейнешолу.
Мақсаты: ақынның мұрасын жас ұрпаққа жеткізе отырып, дара тұлғаларды естен шығармау.
Қасиетті Торғай елінен данышпан даралар да, ақын жазушылар да, еліне елеулі тұлғалар да шыққаны мәлім. Осындай нар тұлғалардың бірі, ақындық қабілетімен елін жырға бөлеп, қаламымен керемет туындылардан шашу шашқан ақын Бақыткерей Ысқақ 1945 ж жеңіс туы желбіреген сәтте дүние есігін ашқан. Алғаш өлеңдері 1975 ж. « Жалын» баспасынан шыққан «Көктем тынысы» жинағына енген. Ақынның « Ғашық ғұмыр», «Тәкәппар таулар», « Қайындышоқы», «Найзағай жарқылы», «Тәңір құсым», «Тастағы тамыр», «Күнілгері», «Той төбе» сынды жинақтары өз кезегінде «Алматы» кітап баспасынан жарық көрген. Сіздердің назарларынызға « Шуақты көңіл жырлары» атты тақырыпта көрмеге бейне шолу ұсынып отырмыз.