«Қазақ жырының тұлпары» С.Мәуленовтың туғанына 95 жыл
28.09.2017 ж,
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген қазақ поэзиясының Сырлы да Сырбаз ақын Сырбай Мәуленовтің туғанына 95 жыл толуына орай «Қазақ жырының тұлпары» атты поэзия кеші өтті. Мақсатымыз қазақ лирикасының классигі Сырбай Мәуленовтің өмірімен шығармашылығы жайлы баяндау, сырбаз сыршылдық пен сымбатты суреткерлік өлең өрнегімен, ақынның соғыс тақырыбындағы толғаныстарымен, табиғат бояуларын өзек еткен жырларымен таныстыру. Ақын жыр маржандары арқылы туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке, патриотыққа, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
«Отан-қуат, отбасы-шуақ»
Облыстық №2 ғылыми-әмбебап кітапханасының Өнер бөлімшесінде
11 қыркүйек – Отбасы күніне орай «Отан-қуат, Отбасы-шуақ» тақырыбында арнау кеші ұйымдастырылды
Алтын заңым – айбарым
«Тәртіп пен әділдік жоқ жерде елдің де бағы ашылмайды, ердің де бағы ашылмайды» деп Әбіш Кекілбаев айтқандай Заңды сауатты білген адам әділетті, парасатты, турашыл да батыл болады.
Қазіргі дүниедегі кез келген мемлекет өзінің алғашқы қадамын тәуелсіздігімен қатар, Конституциясын қабылдаудан бастайды.
Конституция – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін реттейтін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы.
Мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі. Осы мерекеге байланысты жақында Арқалық қаласындағы № 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімінде 30 тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясына арналған «Алтын заңым - айбарым» атты саяси сағат өтті.
Іс - шараның қонақтары қаламыздағы халыққа қызмет көрсету орталығы мен зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының қызметкерлері қатысты. Жиын барысында ҚР Конституциясы туралы қысқаша тарихы баяндалып, бейне ролик көрсетілді. Сонымен қатар электронды және тақырыпты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалынды. Тақырыпты пысықтау мақсатында викториналық сұрақтар қойылып, қатысушылар ықыласпен жауап қайтарып, белсене ат салысып отырды.
Саяси сағатқа қатысушылар өздеріне үлкен әсер алып, іс – шараға алғыстарын білдірді.
Арқалық қаласындағы
№ 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының
оқу залының кітапханашысы Көшкінбай Сымбат Мұратқызы
Азат елдің Ар-намысы – Ата Заң (30 тамыз – Конституция күні)
Арқалық қаласының №2 ғылыми әмбебап кітапханасының абонемент бөлімінде Конституция күніне арналған «Азат елдің ар-намысы-Ата заң» атты виртуальды кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге Арқалық қаласының халыққа қызмет көрсету қызметкерлері қатынасты. . Көрмеге «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасымен шығарылған « Қазақтың ата заңдары» 10 томдық құжаттар, деректер және зерттеулер, Қ. Омархановтың «Дәстүрлі құқықтағы билер соты», «Қазақ елінің дәстүрлі құқығы», қолданыстағы Конституция, Елбасының әр жылдардағы және хроникалық қызметтері жайында кітаптары, Қазақ халқына арналған Жолдауы т. б. кітаптар қойылды. Көрмеге ата заңымызға байланысты 24 кітап ұсынылды.
БІЛІКТІЛІК ШЫҢЫ - БИБЛИОГРАФИЯ
Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасы әдістеме- библиография бөлімінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 5 шілде күні Арқалық қаласындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінде кітапханашыларға арналған «Библиографиялық өнімді құрастыру» атты аймақтық көшпелі зерделі кеңес өтті.