«Біздің өміріміздегі ғаламтордың орны»
«Біздің өміріміздегі ғаламтордың орны» тақырыбында ақпараттық сервистік қызмет көрсету бөлімінде студенттермен дөңгелек үстел болып өтті.
12.09.2018 «Тіл – татулық тірегі»
5-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер күніне және қазақ халқының ақыны, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, ғалым , тілші, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толуына орай, №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 12 қыркүйек күні «Тіл – татулық тірегі» атты сайыс өткізілді.
«Үш тұғырлы тіл – уақыт талабы»
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Өлең сөздің шебері
Адам жанының терең қатпарына үңілу, терең психолизмге қол жеткізу- шын шебердің ғана еншісінде. Мұндай шеберлік ұлттық поэзия басының шоқ гүлдері – талатты ақын қыздар қатарындағы Марфуға Бектемірованың шығармашылығынан айқын көрінеді. Шолуда ақын өмірбаянымен, және өлеңдерінің шығу тарихымен тагныстырылды.
Ұлтым деп соққан ұлы жүрек
Ахмет Байтурсынов- қазақ халқының талантты ұлдарының бірі, қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалы - ағартушы- педагог, сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көр күш жұмсаған мәдениет қайраткері, жас кеңес үкіметіне адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері.
«Отбасы- шағын мемлекет»
7 қыркүйек 2018 жылы Жастар ресрустар орталығының және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен отбасы күніне арналған ел ағаларымен және аналарымызбен отбасы тақырыбында рухани тағылымы мол кездесу кеші өтті.