"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
18 мамыр – халықаралық музей күні

19.05.2021 ж.

Халықаралық музей күніне «Музейлер шеруі» акциясы аясында біздің кітапхана  Арқалық қаласындағы «Дала өлкесі тарихы» облыстық  музейінде  «Қазақстан: 30 жыл алға ұмтылыс» тақырыбында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кітап көрмесінің тұсаукесерін ұйымдастырды.

Тұсаукесерде Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Т. Аубакиров , Арқалық қалалық маслихатының төрағасы Г. Елтебаева, Арқалық қаласы мәдениет бөлімінің меңгерушісі Ж. Кусулбаева және қала тұрғындары қатысты.

Көрме кітаптарына шолуды оқу залының кітапханашысы Әуезхан Ернұр жүргізді.

Көрмеге Қазақ хандығының құрылуы, Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері,  Қазақстанның тарихы туралы 50 ден аса кітап ұсынылды.