«Сүйемін туған тілді анам тілін – Люблю свой язык – язык моей матери»
«Сүйемін туған тілді анам тілін – Люблю свой язык – язык моей матери» атты Неміс қоғамдығының төрайымы Пыхтина Зинаидамен бірлесіп әдеби сайыс ұйымдастырдық. Сайыстың мақсаты: жас ұрпақты өзінің ана тілін сүюге,тілдің көркемдігі мен байлығын үйреніп,орынды қолдануға тәрбиеледік. Өз Отанына аянбай қызмет ететін озық ойлы,тапқыр да табанды, сонымен қатар әдет – ғұрыптарымызды сақтауға, мемлекеттік тілді қастерлеуге және басқа да ұлттар тілін құрметтеуге үйреттік.
«Сыршыл жырдың атасы»
Қасиетті Торғай өңірі – талай таланттарды туғызған құтты мекен.Ұлт ұстазы Ахмет пен Міржақыптай бірегей тұлғаларды дүниеге әкелген қасиетті топырақ.Міне, сол қасиетті топырақтан нәр алған, өлең жыры сырға толған, артына мол мұра қалдырған қазақ поэзиясының тарланы, ақиық ақын, жерлесіміз Сырбай Мәуленовке 95 жыл. Осыған орай , №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде «Сыршыл жырдың атасы» атты жыр кеші өткізілді.
«Ұлы тұлға, алтын діңгек»
№2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, Абай жолы роман – эпопеясымен таныстыру, оқушыларды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру мақсатында Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына орай әдеби қонақжайлылығымыз өтті.
Отбасы – тіршіліктің тірегі
Отбасы – қасиетті құндылық. Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізгі осы отбасында қалыптасады. Талайды қанаттандырған киелі шаңырақ – отбасы. Сондықтан, отбасы мерекесі күні белгілеуінің өзіндік маңызы бар. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу кезінде отбасылық салт-дәстүрлерді қолдау және дамыту, оқушылардың көркемдік шығармашылығын насихаттау, балалардың бойында патриотизм және отбасылық құндылық сезімдерін ояту – біздің басты мақсатымыз болды.
«Құсқанаты» ою-өрнегі
«Құс қанаты» элементінен ою-өрнек жасадық.
Оқушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнектерін үйрету үстінде шәкірттердің эстетикалық талғамдары мен өнерге деген шеберлік ынта-қабілетін арттырып, дамыттық.
Ою үлгілерін компьютерге түсіріп, сызып, бояудың әдіс-тәсілдерін меңгерту, «құс қанаты» элементінен ою-өрнекті қиып көрсеттік.
«Денсаулығы сәбидің - қуанышы әр үйдің»
№2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде «Кітаби жаздың сиқыры – Волшебство книжного лето» - атты, жазғы оқу бағдарлама бойынша денсаулық күніне арналған «Көңілді эстафеталар» ойын - сауық кеші өткізілді.