Кітапханаға қалай жазылуға болады?
Әр азамат жасына немесе тұрғылықты жеріне қарамастан №2 ОӘҒК пайдаланушысы бола алады.
Кітапхананың қызметін пайдалану үшін тіркеу бөлімінен оқырман билетін алу қажет. Азамат кітапханаға тіркелу үшін қандайда бір жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі керек.
№2 ОӘҒК жазылу автоматтандырылған тәртіпте жүзеге асырылады, сонымен қатар теңдессіз штрихкодымен бірыңғай пластикалық билет беріледі.
Әр азамат кітапхананың оқырманы бола алады, алайда абонемент бөлімінен көркем әдебиетті уақытша пайдалану үшін үйге алғыңыз келсе, міндетті түрде Арқалық қаласында тұрғылықты жері бойынша тіркелімі болуы қажет. Ал қалған қызметтер барлық оқырмандарға қол жетімді.
Сондай-ақ, кітапханада пайдаланушыларға қашықтық тәртібінде қызмет көрсетуге мүмкіндік беріледі.
Біздің жарияланымдар
Клубтар
Жұмыс кестесі

Мақсат мен міндеттері
I. Кітапхан жұмысының негізгі міндеттері мен бағыттары:
Кітапхананың негізгі бағыттары:
Кітапхананың басты міндеті түрлі оқырман топтарының конституциялық құқығын іске асыра отырып, ақпаратқа және дүние жүзілік мәдениетінің жетістіктеріне еркін қол жеткізуге мүмкіндік беру.
Осыған байланысты кітапхана келешекте мынандай бағыттарды белгілейді:
- жалпы кітапхана қорының сапалық құрылымын дамыту;
- кітапханада электрондық ақпараттық қорларды құру;
- сапалы кітапхана-ақпараттық қызметін дамыту;
- электрондық ақпаратқа еркін қол жеткізуді кеңейту;
- қорларды және қызметтер жарнамасы, қоғаммен байланысты қолдау;
- кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеріп отыру;
- білім, жалпы мәдени, ақпараттық дамуға септігін тигізетін жинақталған және өңделген ақпаратты алуға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуді мақсат қойды;
- ойлы оқырман мен қасиетті кітаптың арасын жақындату;
- қаланың оқу мекемелерінің ұстаздар ұжымына оқушыларды және студенттерді еңбек, адамгершілік құқықтық және эстетикалық тәрбие беруге көмектесу;
- интелектуалды және мәдени даму үшін тұтынушылардың кітапқа және ақпаратқа деген сұраныстарың толық жедел қанағаттандыру;
- ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу, кітап, кітапхана және ақпараттық қорларды ұтымды пайдалану тәсілдерін үйрету;
- дәстүрлі және дәстүрден тыс жаңашыл қызметтерді ұсыну жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыру;
- кітапхананың еліміздегі ірі кітапханалармен кәсіби байланысын нығайту;
- түрлі бағыттардағы кітапханалық жобалар дайындау арқылы оқырмандардаң өскелең сұранысына жаңаша жауап беруге ұмтылу.











