"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Егеменді ел қорғаны – қарулы күштері»

04.05.2020 ж.

"Егеменді ел қорғаны-қарулы күштері"

(7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған виртуалды көрме)

 

Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханамызда 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 2020 «Егеменді ел қорғаны-қарулы күштері» атты виртуалды көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Оқырмандарға ұлттық құндылықтар мен адамгершілік-ізгілік тәрбиесін бере отырып, Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанға және туған елге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

 

Аталмыш көрмеге қазақ елінің сонау әскери тарихынан бастау алатын К.Аманжолов пен А.Тасболатовтың – Алматы: «Білім» баспасынан 2008 жарық көрген «Қазақстанның әскери тарихы» кітабы, еліміздің бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев жайындағы А.Тасболатовтың 2001 жылы «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Жоғарғы Бас Қолбасшы – әскери қауіпсіздік кепілі» атты еңбегі мен «Қазақтың ұлы қолбасшылары» атты кітабы, еліміздің заманауи және кәсіби армия құруға бағытталған Б.Сақтағановтың 2012 жылы «Өлке» баспасынан шыққан «Әскери педагогика», «Айбын» энциклопедиясы, М.Серікпаевтың «Әскери өнер» сынды т.б кітаптары, «Қазақстан патриоты», «Әскери терминдердің түсіндірме сөздігі» журналдарынан мақалалар қойылып, фотосуреттер мен дәйек сөздер оқырман назарына ұсынылады.