"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Өнегелі өмір» сериялық кітаптар (бейне шолу)

06.04.2020 ж.                                           

 

 

Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімінде «Өнегелі өмір» сериялық кітаптарынан тұратын жаңа кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылады.

Көрменің мақсаты: Қазақстанның белгілі тұлғаларының қызметтері мен өмірлері, ерең еңбектері мен толағай табыстарын өскелең ұрпаққа насихаттау болып табылады.

«Өнегелі өмір» сериясы ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның көрнекті тарихи тұлғаларының өмірі жайлы баяндайтын басылымдарды қамтиды. Жинақ қарашаңырақ  «Қазақ университеті» баспасынан жарық көретінін де айта кеткен жөн. Кітаптарда  ғалымдардың биографиялық мәліметтері, академиктердің қоғамдық және мемлекеттік қызметінің сипаттамасы, мұрағат құжаттары, фотосуреттер және шәкірттері мен әріптестерінің естеліктері берілген.

«Өнегелі өмір» – өнегелі тұлға­лар­дың өмірі мен еңбек жолынан тұратын кітап, аты айтып тұрғандай ғибратты өмірден көрініс береді.

Көрмемізде кітап сериясының бүгінде жарық көрген 30-ға жуық данасы ұсынылған. Оның ішінде халық қахарманы, Қасым Қайсенов, кеңес одағының батыры, жазушы Мәлік Ғабдулин, журналистика саласының майталманы, жазушы Қоғабай Сәрсекеев, филология ғылымдарының докторы Немат Келімбетов, мемлекет және қоғам қайраткері Шериаздан Елеукенов, сонымен қатар елінің елеулі тұлғалары Олжас Сүлейменов, Серік Қирабаев, Тұрсынбек Кәкішев, Әбсәттәр Деріпсәлі, Зейнолла Қабдоллв, Сағат Әшімбаев, Зәки Ахметов, Әбіш Кекілбаев сынды тұлғалар жайлы сыр шертіледі.

Өнерде, ғылымда, өмірдің барлық саласында ерекше орны бар тұлғаны үнемі еске салып, даралап, еліміздің осындай мақтанышы болғандығын ұрпақ қолына жылдар бойы жеткізіп отыратын «Өнегелі өмірдің» ғұмыры шын мәнінде ұзақ.Ұсынылған басылымдар келушілер арасында қызығушылық тудырары сөзсіз.