"Мен жұқпалы аурулардан сақтана аламын!"
Құрметті біздің оқырмандар және инстадостар!
№ 2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапхнамыздың оқу залы бөлімі сіздердің назарлараңызға 7 - Сәуір Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай «Мен жұқпалы аурулардан сақтана аламын!» атты кітап көрмесін ұсынып отыр. Көрменің мақсаты: оқырмандарға адам денсаулығының қадірін түсініп, бағалай білуге және зиянды заттардан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Көрме 3 бөлімнен тұрады. Көрменің «Әлемді аландатқан Короновирус» атты бірінші бөлімінде қазіргі уақытта болып жатқан өзекті мәселе әлемдік пандемияға байланысты ақпараттар жинақталған. Екінші бөлім: «Денсаулық-тәуелсіз елдің тірегі» деп аталады. Бұл бөлімде әр түрлі ауру түрлеріне қарсы салауатты өмір салтын ұстау және аурудын алу мақсатында жасалынатын сақтық шаралары туралы кітаптардан тұрады. Ал, «Шынықсан шымыр боларсың» деп аталатын үшінші бөлімде спорттың адам өмірінде алатын орны мен пайдасы туралы кітаптар топтастырылған.
Денсаулық – зор байлық. Адам барында бағалай білмейтін екі құндылық бар екен. Оның бірі уақыт болса, екіншісі –денсаулық. Олай болса құнды уақытымызды босқа өткізбей, денсаулығымызға мән беріп, өздеріңізге ұсынылып отырған кітап көрмесінен пайдалы мағлұматтар алуға кеңес береміз. Парақшамыздан алыстамауларыңызды өтінеміз!