"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ана өмір, Ана көктем, Ана гүл!»

Көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер күні аясында, ана мәртебесін жоғарлату, шескіз еңбегін насихаттау, ұрпаққа деген махаббатын көпшілікке паш ету мақсатында, өнер секторында  «Ана өмір, Ана көктем, Ана гүл!» көпбалалы анамен – Әбілқайырова Қалима Серкебайқызы мен кездесу өтті. Қонағымыз қыздары, ұлы және жиендерімен келді.

 

Басында, апайдың туған жері, өскен ортасы, мамандығы  жайлы қысқаша ғана айтылды. Одан әрі, кездесу сұрақ-жауап түрінде өрбіп, қонақтың өз аузынан ата-анасы, бала-шағасы, зайыбы, ата-енесі жайлы естідік. Кейіпкеріміз балаларына жеке тоқталып, олардың отбасына, қызметіне шолу жасап өтті. Жанұяда, балалар туралы қызықты естеліктер айтылып, жастық-шаққа бір саяхат жасалғандай көрінді.

 

Балалардың анаға деген алғысын, махаббатын көрдік, Қалима Серкебайқызыңың қыздары сөйлеп, мамаларына өлең жолдарын тарту етті. Әсем ән орындалып, көркемсөз оқылды, мереклік көңілкүй сезілді. Кеш соңында, қадірменді қонаққа рахмет айтылып, сый-сияпат көрсетіліп, естелік суретке түстік.

 

Тәрбиеге, ізгілікке, мейірімділік пен махаббатқа толы жанұялық кездесу болды.